Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің барлық әскери басқару органдары, әскери бөлімдері мен мекемелері жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне жеткізілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aykin.kz.
“Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі”, – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Министрлік қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін де хабарлады.
“Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз”, – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.