Атыраулық әйел 8-қабаттың терезесінен секірмек болған

Оны полицейлер құтқарып қалды.

Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап, полицияға хабарласқан.

- Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің иесін анықтап, оқиға орнына шақыртып пәтерге өтіп секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп атап өтті ведомстводан.

33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде.