– 2025 жылдан бастап орта зейнетақы 8,5 пайызға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5 пайызға жыл сайынғы индексте жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының көлемі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 12,5 пайызды құрайды. Баласы бар 2 млн-ға жуық отбасы мемлекеттен әлеуметтік төлемдермен, жәрдемақылармен қамтылады, – дейді ол.
Ал көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу үшін 875 млрд теңге қарастырылады.
– Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды республикалық қолдау АӘК арқылы жалғасады. Биылғы қарашада АӘК-ті 76 мың отбасы немесе 403 мың мың адам алды. Атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін қайта қарау аясында азаматтар шығыстарын ескере отырып, отбасының цифрлық картасын пайдалана отыра, АӘК төлемін трансформациялап, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен біріктіру жоспарланып отыр, – деді министр.
Сонымен қатар алдағы қыркүйекте стипендия көлемі де артпақ.
– Бакалавриат бойынша 20 пайызға магистратура мен докторанттарға 15 пайызға артады. Ғылыми ұйым мен қызметкерлердің лауазымдарына қатысты 18 пайызға ұлғайтылады, 2025 жылдың қаңтарынан бастап тағы да 18 пайызға артады, – деді Нұрлан Байбазаров.
Сондай-ақ вице-премьер Үкімет әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын тежеу шараларын қабылдайтынын да жеткізді.
– Тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау маңыздылығын жете түсінеміз және Ұлттық банкпен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды, оның ішінде ішкі нарықты тауарлармен толықтыру, бәсекелестікті қорғау, сыртқы сауда мен тарифтерді реттеуді жалғастырамыз. Осындай әрекеттердің арқасында Қазақстанда 2023 жылы жылдық инфляция 20 пайыздан 9,8 пайызға дейін төмендеген болатын. 2024 жылдың 11 айының қорытындысында 8,4 пайызды құрады, – деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, Үкімет жағдайды қадағалап отыр және әлеуметтік маңызды тауарларға қатысты экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шаралар қабылдайды.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жаңа егіннің қоры пайдаланылады. Қысқы және көктемгі маусымаралықта азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен ауыл шаурашылығы тауарларын өндірушілерінің қоймаларында 820 мың тоннадан астам негізгі азық-түліктің 29 түрі бар. Бұл қорлар сақтау мерзімін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және елдің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге қабілетті, – деді Нұрлан Байбазаров.
М.ЖАСЫН