"Нәзік жанды екенімді сезіндім": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы көпшілік білмейтін сырын айтты

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарына басынан өткен оқиғаны айтып берді.

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарына басынан өткен оқиғаны айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуіміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам, күйеуім "Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру" деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінші рет күйеуімнің иығына басымды қойып, еркелей алдым. Қыздар, күйеуіңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады", – деді Иманбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.