Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ 3 рет нокдаунға түсіріп, ширек финалға өтті

Осылайша Махмұд Сабырхан техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына өтті. Ол жарыстағы алғашқы кездесуінде тайпейлік Лаи Ян-Линмен жұдырықтасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынған Махмұд Сабырхан тайпейлік Лаи Ян-Линді алғашқы раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті ерте тоқтатты. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті. 

Махмұд ширек финалда шри-ланкалық боксшы Жаянант Кумарамен кездеседі.