Елордада көпқабатты тұрғын үй өртке оранды (видео)

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

Астана қаласындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнет баба көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртенген. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғын үйдің терезелерінен жалын пен түтін шығып жатқанын көруге болады.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Өрт 15 шаршы метр алаңды шарпыған.

Белгілі болғандай, 7 қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенген. 

- ТЖМ құтқарушылары түтінді аймақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.