Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбановқа "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
Нариман Құрбанов – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы.