АҚШ-тың бірқатар штатында табиғат тосын мінез танытты. Күтпеген жерден қалың қар жауып, аяз күшейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Нью-Йорк штатының солтүстігіндегі Барнс ауданында жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 1,2 метрге жетеді. Салдарынан тұрғындар әбігерге түсіп жатыр.
Пенсильвания мен Мичиганда да осыған ұқсас жағдай. Аталған аймақтарда көлік қозғалысы тұралап, жұрттың жүріп-тұруы қиындаған. Қазір бұл өңірлерде тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Жергілікті синоптиктер алдағы күндері де қар жауып, аяз болатынын ескертеді.