Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз жартылай финалға өтті

Бүгін Диаспен кездесу керек болған жапон боксшысы шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.

Диас Молжігітов (75 келі) жекпе-жексіз жартылай финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Диаспен кездесу керек болған жапон боксшысы шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.

"Осылайша, Молжігітов 8 желтоқсан күні ақтық сын жолдамасы үшін Украина-Түрікменстан жұбының жеңімпазымен күш байқасады", - делінген Қазақстан бокс федерациясы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.