Коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың жағдайы жақсы - Біртанов
Коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың жағдайы жақсы - Біртанов
© inform.kz
104
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Олар - Германиядан келгендер. Қазіргі күні пациенттердің жағдайы жақсы. Жалпы, эпидемияға қарсы бүкіл қажетті шаралар енгізілуде. Оқшаулау, карантин – қажетті емдеу процедуралары қабылдануда», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.