"Қазгидромет" синоптиктері 5,6 және 7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық аймағында күн күрт суытады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
Алдағы күндері қар жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ мамандар ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді. Мәселен, түнде еліміздің батысында ауа температурасы -7-12 градусқа дейін суытады.
Ал солтүстік-батыста – -13-18 градусқа дейін, солтүстікте, республика орталығында – -15-20 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – -3-8°-градусқа дейін, таулы аймақтарда – -10-16 градусқа дейін суық болады.