Көкшетауда мүгедек балаларға бөлінген қаржының жымқырылғаны анықталды

Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында прокуратура қызметкерлері мүгедек балаларға арналған қаражаттың жымқырылғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындаушылардың бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынған.

– Көкшетау қаласының прокуратурасы Artsport және DamuBala бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады, – делінген ақпаратта.

Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.