Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жаңа заңға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Мемлекет басшысы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген ақпаратта.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.