Қазақ бапкері үздік атанды

Гонконгтен жақсы хабар жетті. Туниске таеквондодан Олимпиада ойындарының тарихи алтынын сыйлаған Есбол Сұлтанов әлемде үздік деп танылды.

Париж олимпиадасынан соң танымалдығы күрт артқан Есбол Сұл­танов Бүкіләлемдік таеквондо фе­дерациясының нұсқасы бойын­ша әлемнің үздік бапкері атанды. 

Есбол Сұлтанов Қазақстан құ­ра­масының тізгінін ұстауы да мүм­кін. Бұл нұсқаны федерация мен ҰОК басшысы қолдап отыр­ған көрінеді. Құжатты енді Туризм және спорт министрлігі қарасты­рып жатыр.

Айта кетейік, таеквондодан 80 ке­ліде бақ сынаған Тунис спорт­шы­сы Фирас Катоуси Париж олим­пиадасының финалында Иран өкілін жеңіп, чемпион атан­ды. Ол финалға дейін барлық қар­сыласын 2-0 есебімен жеңсе, ше­шуші кезеңде ирандық қарсы­ласынан да басым түсті. Бұл Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде бол­ды. Сондай-ақ Тунис сапынан 58 келіде өнер көрсеткен Мохамед Ха­лиль Жендуби да Париж Олим­пиадасының қола жүлдесін ие­лен­ді. Осылайша, бір жылға жетер-жет­пес уақытта қазақ бапкері бап­­­­таған Тунис спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.