Азия чемпионаты: бейсенбіде қазақстандық 6 боксшы рингке шығады

Жекпе-жектер әдеттегідей сағат 12.00-де басталады.

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыншы жарыс күні Қазақстаннан 6 спортшы шаршы алаңға шығады, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жекпе-жектер әдеттегідей сағат 12.00-де басталады.

Алдымен екінші жұпта Оразбек Асылқұлов (57 келі) ширек финалда таиландтық Фануват Чуджанатпен қолғап түйістіреді.

Жетінші жұпта Бейбарыс Жексен (60 келі) тәжікстандық Акмал Убайдовпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Оныншы болып шаршы алаңға Ерасыл Жақпеков (80 келі) көтеріліп, қырғызстандық Сағын Сатыбалды уулумен кездеседі.

Бұдан кейін әйелдер арасында үш қазақстандық сынға түседі. 14-жұпта Жазира Орақбаева (52 келі) тайбэйлік Ютин Луомен жұдырықтасады.

19-шы жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) Вьетнам өкілі Тран Нгуенмен, 22-жұпта Виктория Графеева тағы бір тайбэйлік Чень Сюань Ені сынап көреді.

Жеңген боксшылар жартылай финалға шығып, кемінде қола медаль алады.

Әзірге Қазақстаннан Алуа Балқыбекова мен Сымбат Әлиасқар ғана жарыс жолынан шығып қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.