Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қайрат Сүнтаев 2019 жылдың шілдесінен бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған. 1992 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет еткен.