Доллардың қымбаттауы: Ұлттық банк басшысы алдағы уақытта не болатынын айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенаттың пленарлық отырысында теңгенің әлсіреуі инфляцияның күшеюіне ықпал ететінін айтты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенаттың пленарлық отырысында теңгенің әлсіреуі инфляцияның күшеюіне ықпал ететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

"Жақында АҚШ долларына қарсы теңге әлсіреді. Бұл қосымша инфляциялық фактор. Бұл инфляциялық күтулерге әсер етеді",  деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, Ұлттық банктің ұсынған мәліметі бүгін бойынша 1 доллар 523,58  теңге болды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.