«Ендігі мақсатым – сүйікті жар болу»: әнші Балжан Бидаш қандай әйел болғысы келетінін айтты

Өнер иесі сәтсіз некесін еске алып, енді бақытты болуды қалайтынын айтты.

Әнші Балжан Бидаш желіде өзін сынаған оқырманына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында "Өнерде жүрген әнші, әртіс қыздар әйел бола алмайды" деген оқырман пікірін жауапсыз қалдырмады.

Өнер иесі сәтсіз некесін еске алып, енді бақытты болуды қалайтынын айтты.

"Қандай қатын болғанымды бүкіл Қазақстан көрген болар. Бірақ келесі мақсатым әйел емес, сүйікті жар, аяулы ана әрі табысты әйел болу", - деп жауап берді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.