Nur Otan-ның қолдауымен Нұр-Сұлтанда ақындар айтысы өтеді
Nur Otan-ның қолдауымен Нұр-Сұлтанда ақындар айтысы өтеді
Фото: Altaynews.kz
Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыратын айтыс Nur Otan партиясы қолдауымен өткізіледі. Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының хабарлауынша, Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді.
8 ақпан күні ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы ақын мұрасын насихаттайды. Дүбірлі додаға: Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару қатарлы он алты ақын қатысады.
Аламан айтысты Жүрсін Ерман жүргізеді.