Белгіленген шектен 60 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен жүрген жүргізуші 40 АЕК (2024 жылы 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, тасжолдардағы камералар көліктің орташа жылдамдығын да есептей бастады. Орташа жылдамдықты түзу учаскедегі камералар тіркейді және қашықтықты еңсерген уақытқа бөледі. Айыппұл мөлшері жылдамдықты қаншалықты асырғанына байланысты 5-40 АЕК арасында болады.
"Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ және ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған тұлға көлікті мас күйінде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде) басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылса, 7 жыл жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға жіберілмейді", – делінген басылымның хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.