Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Министрдің айтукынша, барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдар жауапқа тартылатынын айтқан болатын.