«Проблемам бітпей кетті»: әнші Сәкен Майғазиевтің жазбасы жұртты ойландырып қойды

Ол ғалымдардың кеңесінен мысал келтірген.

Әнші Сәкен Майғазиев желі қолданушыларына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.   

Өнер иесі адам басындағы қиын жағдай, проблемасы туралы ешкімге айтпау керек деп есептейді.

«Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті» деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: «Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургеневтің: «Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі» деген екен», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.