Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
48 келіде шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай жапон боксшысы Казума Аратакені жеңген болатын. Есеп – 5:0.
Осы жекпе-жектен кейінгі екі боксшының бір-біріне деген құрметі жанкүйерлерді тәнті етті. Жапон боксшысы келер жылы кәсіпқой боксқа ауысатынын айтып, Санжар Тәшкенбайға Олимпиада чемпионы болуына тілектес екенін жеткізді. Екі боксшының әңгімелесіп тұрған видеосын Бокс федерациясы жариялады.
«Мен келесі жылы кәсіпқой боксқа ауысамын. Сіз Олимпиада чемпионы болады деп сенемін», – деді Казума Аратаке Санжар Тәшкенбайға.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 11 желтоқсан күні финалда Шодиоржон Меликузиевпен (Өзбекстан) кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.