Алматы облысы Полиция департаменті Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылуына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицияның мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып қалған. Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.
"Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсайтыны туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған", – деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
"Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін екенін еске саламыз", – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.