Сәбиін алып, үйінен кетіп қалған алматылық әйел табылды

Олар Ақтау қаласы әуежайынан табылған.

Алматыда 6 желтоқсан күні 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. 44 жастағы алматылық азамат келіні мен немересін іздестіруге көмектесуді сұрап полицияға жүгінген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті.

7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды.