Акция бойынша әуе билеттерін 25 долларға сатып алуға болады

Жаңа жыл қарсаңында тұтыну нарығында үлкен жеңілдіктер, түрлі акциялар жариялана бастайды. Соның бірі – $25 тұратын әуе билеттері.

Aikyn.kz жақында жарияланған акцияның шарттарын Quartz сайтындағы хабарламаға сүйеніп түсіндіреді.

Жақында жүргізілген сауалнама Z буынының 67%-ы саяхаттауға, үйлеріне баруға қарыз алатыны анықталды. Фото surffares.com сайтынан алынды

Amazon жариялаған акцияның шарты бойынша әуе билеттерін 25 долларға сатып алуға болады. Акция бойынша 2024 жылдың 9 желтоқсанынан 2025 жылдың 14 қаңтарына дейінгі рейстерге билеттерді осындай жеңілдікпен сатып алуға болады. Әуе билеттерін 18 бен 24 жас аралығындағы Prime Young Adults мүшелері сатып ала алады. Билеттерді 13 желтоқсанға дейін рәсімдеп үлгеру қажет. Тағы бір ескерту – бұл жеңілдіктер АҚШ-тың ішкі әуе рейстерінде ғана жарамды.

«Мерекелер – жақын адамдармен жиналып, естеліктер жасайтын уақыт. Біз осы ерекше уақытты отбасымен және достарымен өткізгісі келетін жастар үшін саяхатты қолжетімді етуге қуаныштымыз», – дейді Amazon-ның маркетингтік технология бойынша вице-президенті Кармен Нестарес.

Amazon акциясы 5 000 билетпен шектелген, әр күн сайын 1 000 билет сатылымға шығарылады. Фото goodhousekeeping.com сайтынан алынды

Науқан 5 000 билетпен шектелген. Әр күн сайын 1 000 билет сатылымға шығарылады. 25 долларлық ұсыныс әуе билетін ғана қамтиды, жүк ақысы, саяхатты сақтандыру, көлікті жалға алу және қонақүйде тұру сияқты қосымша шығындар бұған кірмейді. Сонымен бірге ұсыныс эконом класс билеттеріне арналған, Premium, Business және Бірінші класс билеттері бұл акцияға кірмейді.

Демалыс маусымында жастар үшін бағаның өсуіне байланысты саяхаттау қиын болуы мүмкін. Бұл әсіресе білім алушы жастарға қиын. Жақында жүргізілген сауалнама Z буынының 67%-ы демалыс кезінде саяхаттауға, үйлеріне баруға қарыз алатыны анықталды.Акция бойынша әуе билеттерін 25 долларға сатып алуға болады. Фото simpleflying.com сайтынан алынды

Amazon-ның әуе билеттеріне арналған акциясы жаңажылдық жеңілдіктермен бір уақытта жарияланды. Компанияның рекордтық сатылымдары «үлкен мерекелік сауда оқиғасы» болғанын сарапшылар да растауда.

Қазақ елінің студенттеріне де жаңажылдық мерекеге жеңілдіктер беретін отандық компаниялар өз акцияларын жарияласа қандай жақсы болар еді!

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.