Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қалай емделетінін айтты
Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қалай емделетінін айтты
© REUTERS
120
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың қалай емделетінін мәлімдеді. "Біз бастапқыда-ақ мұның жаңа коронавирус екенін айтқан болатынбыз. Біз мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан аламыз, инфекция тіркелген елдердің денсаулық сақтау министрліктерінен аламыз", - деді Біртанов.
Министрдің айтуынша, науқастардың көбінде вирустың белгілері байқалмайды.
"Көп елдердің хаттамаларында, яғни коронавирус жұқтырған елдерде науқастар карантинге жатқызылады. Яғни, аса белгілер болсама ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Бұл арнайы ем қажет еместігін білдіреді", - деді министр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар ауруханаға жатқызылды. "Вирустың орта және ауыр деңгейлері болады, көбіне созылмалы ауруларға байланысты болады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға қатты уайымдамауға кеңес береміз... Вирустың ауыр деңгейі болса вирусқа қарсы препараттар қолданамыз, олар бізде бар. Ал пневмония ретінде асқынса антибактериал препараттар қолданамыз. Жансақтау бөлімі де жеткілікті", - деді министр. Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын. Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деді Біртанов.