Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Ауылдардың бірінде әке мен бала арасындағы жанжал соңы қайғылы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қайтыс болған әкесін туған ұлы жарақаттады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Қазір тергеу амалдары басталды.
"Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", – делінген ақпаратта.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.