Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

81 келіде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Александр Уваров жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында отандасымыз 81 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazsport телеарнасы зілтеміршілердің серпе және жұлқа көтеру бойынша нәтижесін жариялады: 

Ри Чонг Сонг – 371 кг (166+205) 

Алексей Чуркин – 368 кг (164+204) 

Мухаммадкодир Тоштемиров – 355 кг (165+190) 

81 келіде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Александр Уваров жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.