«Жараспайды...»: Гүлзира Айдарбекова күйеуімен бірге тренд түсіремін деп, сынға қалды

Продюсер TikTok желісінде кеңінен таралып жатқан видеоны күйеуімен бірге қайталап түсірген.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова тренд түсіріп, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер TikTok желісінде кеңінен таралып жатқан видеоны күйеуімен бірге қайталап түсірген. Желі қолданушыларының бір тобы қолдау білдірсе, енді бірі жараспайтынын айтып, одан да “Салауат айтыңыз” деп кеңес берген.

“Одан сізге келер пайда болса, күніне саусақ нүктелерін басып тұрып, 100 рет айтып ұйықтаймыз. Бірақ әр адам өзі үшін айтады емес пе?! Негізі "неге бұлай жасамайсыңдар?" деп біреуге ақыл айтатындар өте ақымақ адам дер едім. Мысалы, сізді айтар едім. Уайымдамаңыз, күнәмізді сіз көтермейсіз, өзіңіз үшін бәрін оқыңыз, пайдасы зор, бірақ ешкімге мақтанбаңыз, бәрі тек өзіңіз үшін болсын. ...Жай көңілдеріңізді көтеріп қояйық деп жасадық. Ұнамаса қарамаңыз, өкпелемейміз. Адам қанша қартайып жатса да, жүрек жас болып тұратынын сезінеміз. Солай қабылдасаңыздар, ұзақ жасайсыздар!”, – деп жауап берді продюсер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.