Бұрқасын, тұман, жел: 11 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, орталығында қар, солтүстігінде қарлы бұрқасын болжанады. Елдің оңтүстігінде, шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күшеюі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.