Азия чемпионатының финалында тоғыз қазақстандық боксшы алтын медальға таласады

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде тоғыз қазақстандық боксшы алтын медальға таласады.

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде тоғыз қазақстандық боксшы алтын медальға таласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері:

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан);

54 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Шахзод Муззафаров (Өзбекстан);

57 кг. Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан);

67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Мужибилло Тұрсынов (Өзбекстан);

71 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан);

75 кг. Диас Молжігітов (Қазақстан) – Джавахир Умматалиев (Өзбекстан); 86 кг.

Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) – Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан);

92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Парвиз Каримов (Тәжікстан);

+92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Абудурешити Ремула (Қытай).

Финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.