Нокдаун болды: Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысымен алтын үшін айқасты

Санжар Тәшкенбай 48 кг-ға дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Санжар Тәшкенбай 48 кг-ға дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.

Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.