Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды

Осылайша ерлер құрамасында алтын медаль саны екеуге жетті.

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында жеңіске жетіп, алтын медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бекзат Нұрдәулетов Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Бұл оның сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы жүлдесі.

86 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Жасурбек Юлдошевті жеңді.

Осылайша ерлер құрамасында алтын медаль саны екеуге жетті (тағы 4 күміс, 1 қола). Алда тағы 2 отандасымыз финалда күш сынасады.