Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
111
оқылды
Ақмола, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 14 наурызда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Сол күні Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 14 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 14 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Сол күні Ақтау қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.