Жел күшейеді: Астана тұрғындарына 12 желтоқсанда ескерту жасалды

Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп болжанып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

- жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

- балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;

- егер қатты жел көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе дүкендерде паналауды ұсынамыз;

- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;

- ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;

- электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

- көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.

Құтқарушылар қатты аязда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берді:

- үнемі қозғалу керек, бір жерде тұруға болмайды, әсіресе қарға немесе суық заттарға отырмау керек, әсіресе металл мен бетон тіптен қауіпті;

- аяз кезінде аш қарын жүрмеңіз, тамақ ішуге уақыт бөліңіз. Ыстық сусындар құйылған термос алып жүріңіз;

- жаман әдеттер туралы ұмытыңыз, алкогольді ішпеңіз;

- қалың табаны бар аяқ киімді таңдаңыз;

- аяқ-қолдар мен дененің ашық жерлерін жабыңыз;

- жылы қалың киім киіп жүріңіз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.