Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жариялады.
“Біз тек екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз: 48 және 71 келі. Басқа финалдық кездесулерде барлық жеңілістер әділ болды. Мен біздің кемшіліктерімізді байқадым. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар жаттығулар физикалық дайындық пен техниканы жақсартуға бағытталады. Менің ойымша, бәрі де сәтті болады. Жігіттердің әлеуеті мықты, мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай мен бірнеше боксшы жарысқа қатыспады. Бізде мықты резерв бар. Жас спортшыларды ұлттық құрамаға шақырамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ оған АЧ медалистері қатыспайды, өйткені дайындық үшін уақыт жоқ. Сондай-ақ, Таиландта жеңімпаз атанған, ел чемпионатында жеңіске жеткендер ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептеледі”,- деп қорытындылады ұлттық команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.