«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады

Асқар Жұмабек абақтыдан шыққан соң үйінде жақындарымен бас қосқан.

Жақында бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабек желіде жаңа видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол қиын сәтте өзіне қолдау білдірген жақындарына алғыс айтты.  Асқар Жұмабек абақтыдан шыққан соң үйінде жақындарымен бас қосқан сәтті көрсетті.

"Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Барлығыңа Алланың нұры жаусын, маған жасаған жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқайсыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Барлықтарың жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Папа, мама, бауырларым, сіздерге де рақмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін", - деді өнер иесі. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аскар Жумабек (@askarzhumabeqov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.