Солтүстік Қазақстанда екі адамнан қауіпті инфекция анықталды

Қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Инфекция жұқтырған науқастардың бірі –  мектеп оқушысы, екіншісі  – әскери қызметкер. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты деп отыр.

Ақ халаттылар екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмағанын жеткізді. Қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. Аталған инфекция үй құстары мен шошқа жануарынан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады, –  дейді мамандар.