Жеміс-жидекте коронавирус 3-4 күн сақталады - АШМ
Жеміс-жидекте коронавирус 3-4 күн сақталады - АШМ
© azattyq-ruhy
Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, - деп хабарлады azattyq-ruhy. Журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен Қазақстанның батыс өңіріне Ираннан жеміс-жидек көп келетіні, ал, Иранда коронавирус тіркелгені туралы сұрады. Министр Иранмен шекара жабылмағанын, бірақ жеміс-жидектің бәрі дәріленетінін айтты.
«Ғалымдардың айтуынша, жеміс-жидекте, азық-түлік тауарларында коронавирустың сақталып қалу мерімі 3-4 күннен аспайды. Сіз «Иранмен шекара жабылды ма?» деп сұрап жатырсыз, Иранмен шекараны жапқан жоқпыз. Бірақ күшейтілген тексеру қойылған. Тек Иранмен ғана емес, барлық шекарада күшейтілген тексеру қойылды. Келіп жатқан барлық өнімге фумигация  жасап жатырмыз. Фумигация - келген өнімдердің бәріне дәрілеу жұмыстарын жүргізу деген сөз», - деді АШМ басшысы.