«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты

Ол бұл жағдай күйеуіне үлкен тәжірибе болатынын атап өтті.

Блогер Дана Есеева "Din Dina Show" бағдарламасында қаржы пирамидасын жарнамалады деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған күйеуі, вайнер Мейіржан Төребаев туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бұл жағдай күйеуіне үлкен тәжірибе болатынын атап өтті.

"Негізі түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды. Адам ол жақтан не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгеріп шығады. Мейіржанның басынан өткен дүние ол үшін тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол жақсы жаққа өзгерген. Біз көп әңгімелесеміз, көрісеміз. Мен Мейіржанға қарап, менімен күніне 12 сағат сөйлесе алатын адамды көремін, ол барлық затқа соншалық тереңінен қарайтын болған. Яғни, бұл тәжірибе оған жақсы көмектесті", – деді кәсіпкер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.