Көктайғақ, боран, 27 градус аяз: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар айқындайтын болады.

"Қазгидромет" РМК 14-16 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар айқындайтын болады. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей  уақыттарда  қатты жауын-шашын болуы болжанады. 16 желтоқсан қар, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қардың жаууы күтіледі. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, боран күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.