Елімізде семіздікке шалдыққан балалар саны күрт көбейген

Сонымен қатар қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген.

Елімізде семіздік дертіне шалдыққан балалар саны күрт артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.

Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады екен. Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі.

Сонымен қатар қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген. Бұл аурулар дұрыс тамақтанбау және спортпен шұғылданбаудың кесірінен туындайды дейді мамандар.