10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Ер адам атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген.

Түркістан облысында 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ол қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, іздеу жарияланған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.