Өңір әкімдігінің мәліметінше, бұл атақ айрықша белгі ерекше мағынаға ие. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк – бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді, – деп жазады Aikyn.kz.
Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді.
Роза Рымбаевамен қоса бұл атақ тағы бірнеше адамға табысталды:
- "Вестник", "Адам. Энергия. Атом" журналдардың бас редакторы және ҚР Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков;
- Филология ғылымдарының докторы, профессор, "Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері", ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Сләмұлы Еспенбетов;
- Samruk-Kazyna Construction АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин;
- "Зайтенов" шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов.