Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словакияның Пьештяни қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде екінші матчын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасымен кездесті. Ойын 3:0 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Бұл – отандастарымыздың турнир барысындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін, D тобының алғашқы матчында Қазақстан Словакиядан ұтылған еді.
Ендігі ойында қазақстандықтар Исландия құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңіне, әр топта бірінші орын алған команда ғана жолдама алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.