Қырғыз Республикасының премьер-министрі қызметінен кетті

Ол Министрлер кабинетін 2021 жылдан бастап басқарған.

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Акылбек Жапаров өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kg-ге сілтеме жасап.

Акылбек Жaпаров Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы және Президент әкімшілігінің басшысы болып 2021 жылы тағайындалған болатын.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл қызметке енді кім келетіні әзірге белгісіз.