Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті.

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.      

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, оған Азия мен әлем құрамалары қатысты. Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады. 

Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.

Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер – Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.