Жаңажылдық дастарқанға қойылатын 7 тағамнан сақтаныңыз

Мерекелік күндері дастарқанға қойылатын тағам түрлері өте көп. Бірақ олардың барлығы денсаулыққа пайдалы ма?

Aikyn.kz екі аптадан кейін басталатын жаңажылдық мейрамда отбасы мен қонақтарға ұсынылатын тағамдардың пайдасы мен зиянын британдық The Telegraph материалына сүйеніп талдайды.

Қонақжай қазақ отбасында дастарқан толы тағам мен мерекелік көңіл күй болсын, денсаулықты да ұмытпаңыздар. Фото visitmangystau.kz сайтынан алынды

Жаңа жыл – көпшіліктің сүйікті мейрамдарының бірі. Қонақжай қазақ отбасында бұл күндері жақсы көңіл күй, дастарқан толы тамақ пен мерекелік энергия жоғары деңгейде болады. Бірақ Жаңа жыл мейрамында тағамдардың алуан түрлерін тойып жеу де адам ағзасына салмақ салатыны белгілі. Тамақты таңдап жеу мейрам күндерінде асқазан мен ішектің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Сонымен, алдағы мейрам күндеріне қандай гастрономиялық кеңестер беруге болады. Мамандарды тыңдайық.

1. Өңделген ұн тағамдар

Бәріміз жақсы көретін – дәмді бәліштер, торттар мен піспенандар  мерекелік тағамдардың төрінде тұрады. Олардың пайдасы мен зиянын ұдайы есте сақтау керек. Бірақ ақуыз бен талшық қан құрамындағы қантты тұрақтандыру, жақсы ішек бактерияларын қоректендіру және мерекелер кезінде сізді қуаттандыру үшін өте қажет.

Үйде болсын немесе достармен бірге мейрамханаларда тамақтанғанда да өңделген тағамдардан аулақ болу үшін тәрелкеге алдымен көкөністер мен ақуызды толтырып алыңыз. Мысалы, жаңажылдық мәзірде ет және ұн тағамдары мол болғанда брюссельдік және қызыл қырыққабаттар, қызылша, баклажан, сәбіз, асқабақ, рукола, шпинат, қызанақ, қияр, брокколи сияқты ішекке пайдалы тағамдармен өзіңізді қуантыңыз. Осылайша, ұзақ мереке күндерінен кейін өзіңізді өте жеңіл және жақсы сезінетін боласыз.

Жаңажылдық мәзірде міндетті түрде қырыққабаттар, рукола, шпинат, брокколи сияқты ішекке пайдалы тағамдар болсын. Фото everydayhealth.com сайтынан алынды. Авторлығы: Stocksy / Alita Ong

2. Қанты көп тағамдар мен сусындар

Жаңа жыл қанты көп тәтті тағамдарсыз болмайды. Бірақ қанты тым көп тағамдар ішектердің жұмысын бұзады, пайдалы бактерияларды жойып, түрлі қабынулар туғызады. Қандағы қанттың көтерілуіне де себепкер болады, бұл адамды шаршауға, өзін жайсыз ауыр сезінуге алып келеді.

Диетологтар мереке күндері қанты бар тағамдарды шектемей-ақ немесе мүлдем алып тастамай-ақ теңгерімді сақтап, мұқият тамақтануға кеңес береді. Талшық пен ақуызы мол тамақтан кейін тәтті тағамдарды таңдап жеуге болады. Сондай-ақ сусындардағы қанттың мөлшерін де ұмытпау керек. Шырындар мен сироптар таңдағанда қанты аз коктейльдерді таңдаған пайдалы.

Ет тағамдарын, күркетауықты келесі күндері қайталап жеу ішектің қалыпты жұмыс ырғағын бұзады, қоректік заттарды азайтады. Фото realfood.tesco.com сайтынан алынды

3. Қайталап тамақтану

Жаңа жыл бірнеше күнге созылатындықтан, адамның ас мәзірі қайталануы мүмкін: бір күні ет тағамдар, күркетауық, келесі күні де артылған тағамдарды қайталап жеу сияқты. Бұл ішектің қалыпты жұмыс ырғағы үшін қажет қоректік заттарды азайтып жібереді. Сондықтан ішек жұмысын бірқалыпты бақылауда ұстау үшін күн сайын таңертең Epetome сияқты синбиотикалық капсулаларын қабылдаған жақсы нәтиже береді. Оның құрамында ішек жұмысын жақсартатын өте қажет D3 витамині, биотин және мырышпен бірге 50 миллиард тірі бактерия бар. Осындай биологиялық пайдалы қоспалар салауатты диетаны алмастырмайды, бірақ олар мерекелік дастарқанның ауырлығын біршама басып, олқылықтарды толтыруға көмектеседі.

4. Ұйқының болмауы

Ұзақ түнде тамақтану және ұйқы режимінің бұзылуы ас қорыту мен ішектердің жұмысын қиындатып жібереді. Ұйқы – бұл біздің денеміздің шаршағаннан кейін қалпына келетін уақыты. Ұйқы бұзылса ішектің қантты өңдеуі мен қоректік заттарды сіңіруі қиынға соғады. Нашар ұйқыдан кейін адамның қарны ашуы сезімі күшейеді, бұл тәтті немесе өңделген тағамдарға көбірек құмарлықты оятады. Алкоголь де ұйқыны бұзу арқылы жағдайды нашарлатады, бұл ағзаның шаршауына алып келеді.

Ұйқыны жақсарту үшін мен валериан тамырынан жасалған «ұйқы» шайын ішуге болады, магний қоспасын ішу мен ұйықтар алдында 90 минут бұрын жылы ванна немесе душ қабылдаған көмектеседі.

Тұрақты ұйқы режимі адамға күш-қуат беріп қана қоймайды, сонымен қатар ас қорыту мен ішек қызметін қалпына келтіру үшін демалыс береді.

Алкогольді сусындарды смузи дайындаған кезде шамалы қосып, ішектің жұмысын жеңілдетуге болады. Фото eu.flaviar.com сайтынан алынды

5. Алкоголь

Әлі де алкоголь біраз мейрамдардың бөлігі болып саналады. Бірақ ол пайдалы бактерияларды жояды, ішек шырышты қабығының қабынуын тудырады және ас қорытуды бәсеңдетеді. Әрине, алкогольден толығымен бас тарту қиын болуы мүмкін, дегенмен біртіндеп азайту денсаулық үшін пайдалы болар еді.

Сондықтан алкогольді сусындарды смузи дайындаған кезде шамалы қосып, ішектің жұмысын жеңілдеткен дұрыс. Алкогольді сусындарды сумен алмастыру, микробиомды қорғау үшін талшыққа бай тағамдарды көбірек жеу керек. Дәрігерлер алкогольді сусындардың ағзаға зиянды әсерін азайту үшін оларды мүлдем қолданбауға кеңес береді. Бұл адамның мейрамнан кейін өзін сергек сезінуі үшін өте маңызды.

6. Ағзаның сусыздануы

Жаңажылдық дастарқанда тамақ пен сусын көп болса, гидратация туралы ұмыту оңай, бірақ су ішек қызметінде шешуші рөл атқарады. Ағзаның сусыздануы ісінуге, ас қорытудың баяулауына және қантқа құмарлықтың артуына әкеледі.

Күн сайын таңертең кофе немесе шайдың алдында үлкен стақанмен (шамамен 300 мл) су ішкен пайдалы. 1,5-2 литрлік бөтелкеге су құйып алып, күні бойы ішіп жүрген адамның қуатын жоғалтпауына көмектеседі. Алкогольді ішкен кезде де суды жиі, көбірек ішу керек. Бұл қарапайым тәсіл ағзаны сусызданудан сақтайды.

Мейрамда өзіңізге ұнайтын спорт түрлеріне көңіл бөліңіз. Бұл зат алмасуды жақсартады, жақсы көңіл күйде жүруге көмектеседі.  Фото thecenteroregon.com сайтынан алынды

7. Қозғалыстың аздығы

Қозғалыс – ішек денсаулығын жақсартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ол ас қорытуды жеңілдетеді, ісінуді азайтады және ұзақ демалыста стресті басқаруға көмектеседі.

Жаңа жыл мейрамында күнделікті таңертең отбасымен түскі асқа дейін ұзақ серуендеуге кеңес береміз. Бұл зат алмасуды жақсартады және күні бойы жақсы көңіл күйде жүруге көмектеседі. Сондай-ақ мейрамда өзіңізге ұнайтын спорт түрлеріне көңіл бөліңіз. Осының бәрі денені күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар адамның сабырлы және қалыпты іс-әрекеттеріне алғышарттар жасайды.

Пайдалы кеңестер

Жаңа жылды тойлау өзіңізді емдеу және демалу уақыты, бірақ бұл ас қорыту мен ішек жолдарының да жақсы жұмыс істеуіне көңіл бөлетін уақыт. Жоғарды айтылғандай, өміріңізге қарапайым өзгерістер енгізу арқылы денеңіз бен ақыл-ойыңызды қалыпты ұстап, өзіңіз ұнататын барлық тағамдардан қанағат аласыз. Ол үшін тепе-теңдік мәселесін ұмытпау керек.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.