Алматы облысы Қызыл Қайрат ауылындағы жұмыс істемей тұрған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
"56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.